365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар 24» телеарнасының тілшілері «Шаңырақ» этножурналистика байқауында топ жарды

  • Read 570 times
  • Media
«Хабар 24» телеарнасының тілшілері «Шаңырақ» этножурналистика байқауында топ жарды

«Хабар24» телеарнасының Ақтаудағы меншікті тілшілері Талғат Исламұлы мен Тамара Степанова «Шаңырақ» аймақтық этножурналистика байқауында топ жарды.

Олар «Ең үздік бейнесюжет» аталымы бойынша бірінші дәрежелі диплом мен қаржылай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ бейнеоператор Саламат Бекбаевқа алғыс хат және ынталандыру жүлдесі бұйырды. Дәстүрлі сайысты өңірлік Ассамблея өткізіп келеді. Биылғы шара Астананың 20 жылдығына арналды. Барлығы 24 журналист 12 аталым бойынша бақ сынасты. Қазылар алқасы телеарна, газет және электронды бұқаралық ақпарат құралдары тілшілері жазған 150-ден аса мақаланы саралады. 

Аманкүл Жайылханова, «Қоғамдық келісім» ММ директоры:

– «Шаңырақ» конкурсы 4 жылдан бері өтіп келеді. Бірінші жылы 10-ға тарта қызметкерлер қатысқан болса, бүгінгі таңда 30-ға тарта адамның қатысуы қуантарлық жағдай. Және де БАҚ өкілдерінің ішінде жастардың болуы қуантады. Жастарымыздың біртектілік пен бірегейлік бағытында мақалалар жазып отырғаны қуантады.

Талғат Исламұлы, «Хабар 24» телеарнасының тілшісі:

– Ақтаулық түсіру тобы аймақтық Ассамблея мүшелерімен бірге біздің қоғамдағы қалыптасқан ұлтаралық келісім, татулықты, береке-бірлікті насихаттау жолында бірлесе жұмыс жасап келеді. Байқауға келетін болсақ, бұл дәстүрлі шара. Былтыр әріптестеріміз бірінші дәрежедегі жүлдеге ие болған болатын. Биыл тағы да осы жетістікті қайталап отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз одан әрі жалғаса бермек.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы