365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ сазгерлері Астананың 20 жылдық мерейтойына байланысты құттықтау жолдады

  • Read 357 times
  • Media
АҚШ сазгерлері Астананың 20 жылдық мерейтойына байланысты құттықтау жолдады

Америка халқы қазақ елін Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Түрлі сала өкілдері екі ел арасындағы саяси-экономикалық, мәдени- әлеуметтік байланысқа жоғары баға беріп, ынтымақтастықтың одан әрі дамуына мүдделілік танытты.

Джон Эгамо, Нью-Йорктегі Ұлттық өнер клубының президенті:

– Мен сіздерді Қазақстанның елордасы Астананың 20 жылдығымен құттықтаймын. Нью-Йорк Ұлттық өнер клубы үшін бұл – өте үлкен шара, осы мейрамды сіздермен бірге атап өтпекпіз. Сол себепті Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайының көрмесін ұйымдастырып, туындыларын зор мақтанышпен жұртқа көрсетіп отырмыз. Бұл Қазақстан мен АҚШ-ты жалғаған тағы бір көпір болды.

Лауренс Мосс, американдық композитор:

– Қазақстан астанасының 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Әртістеріңіз бен музыканттарыңызға таң қаламын және астаналық шеберлердің өнеріне әрдайым сүйсініп жүремін.

Михаэль Колеман, пианист:

– Қазақстанды жақсы көремін. Екінші отаным деп те атаймын. Астанаға барғанда уақытым керемет өтеді, музыкалық тәжірибе жинап келемін. Барша қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен құттықтаймын. Елдеріңіз ертегідегідей тамаша. Қайта баруды армандап жүрмін.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы