374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Болашақ келбеті» көрмесі ашылды

  • Read 262 times
  • Media
Астанада «Болашақ келбеті» көрмесі ашылды

Енді бір аптадан кейін елорданың Арқаға көшкеніне жиырма жыл толады.

Қала қазір мерейтойға дайындық көруде. Мысалы, Тұңғыш-Елбасы кітапханасында Астана қаласының 20 жылдығына арналған көрме ашылды. Мұнда мұрағаттағы құнды құжаттардың түпнұсқасын көпшілік назарына Президент архиві ұсынды. Келушілер бас шаһардың құрылысы, тарихи шешім қабылданған сәт, басты нысандардың ашылуы және Президенттің салтанатты жиындағы сөйлеген сөздерінің нұсқасын көре алады.

Көрменің Астанадағы Мемлекет басшысының алғашқы резиденциясында орналасуының мәні зор. Дәл осы жерде елорда құрылысының бас жоспары қабылданды. Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабы да осында жазылды. Мұнда Мемлекет басшысы қолжазбаларының барлығы дерлік сақтаулы тұр.

Күләш Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- Осы көрмеге келушілер әр кездегі болған оқиғаларды дәлелдейтін біздің Елбасымыздың, жапон премьер-министрінің бір-біріне жолдаған хаттарын көре аламыз. Бұл жерде Елбасының қолы қойылған сәулетшінің жеңімпаз атанғанын өз қолымен жазған Нұрсұлтан Әбішұлы.

Көрме ұйымдастырушылары Астананың тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер мен тарихи суреттерді ұсынып отыр. Мұнда Жоғарғы кеңестің қаулысынан бастап, Елбасының өз қолымен түзету енгізген жазбалар бар.

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Менің есімде қалғаны бірінші құрылыс компаниялары Алматыдан, Қарағандыдан келіп, жаңадан іргетастарды салып, құрылысты бастап жатқан кезі. Астана шындығында локоматив болды. Біздің Астанамызда мынадай жоба болған. «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» деген. Сол жоба іске асты. Гүлденген Астана гүлденген Қазақстанға алып келді.

Мұндағы әрбір экспонат Астана тарихынан сыр шертеді. Көрменің бір бөлігі ЭКСПО кезінде Елбасына шетелдік меймандар тарту еткен сый-сияпаттарға арналған. Қала тұрғындары мен қонақтары оларды 12 тамызға дейін тамашалай алады.

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Ербол Даиров

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы