367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» жағалауы пайдалануға берілді

  • Read 280 times
Алматы облысында «Рухани жаңғыру» жағалауы пайдалануға берілді

Алматы облысы аумағындағы жалғыз моноқала Текеліде Астананың 20 жылдық мерейтойына орай жаңа жағалау пайдалануға берілді.

Жергілікті кәсіпкерлер оның құрылысына 5 миллион теңге көлемінде қаржы бөлген. «Туған жер» бағдарламасы бойынша салынған демалыс орны бұдан былай «Рухани жаңғыру жағалауы» деп аталатын болды. Осындай ұсыныс жасаған қала әкімі Бақтияр Өнербаевты текеліліктер бірауыздан қолдады. Қора өзенінің жағасында орналасқан жағалауға балалар ойнайтын алаңқай мен алтыбақан құрылып, белтемірлердің түр-түрі қойылған. Текелі – еліміздегі өзге қалалардан тау баурайындағы салқын самал, саумал ауасымен ерекшеленіп тұратын әсем де көрікті қалалардың бірі. Сондықтан бұл жаңа жағалаудың қала халқының сүйікті демалыс орнына айналатынына сенімдіміз, – дейді текеліліктер. 

Жәмилә Қалымбекова, Текелі қаласының тұрғыны:

- «Не жасасаң да, балаға жаса» дейді. Өйткені балалар – біздің келешегіміз. Әрине, мейірімділікте, жақсылықта өскен ұрпақ өз еліне үлесін қосады. Біздің қаламызда осындай азаматтар туғанын мақтаныш етеміз. Өздерінің қолдарынан келгенше күштерін аямай, осылай қаланың дамуына өз үлестерін қосып жатыр.

back to top
Хабар 24 телеарнасы