374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вильнюс мэрі қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен құттықтады

  • Read 188 times
Вильнюс мэрі қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен құттықтады

Қазақстан мен Латвия астаналарын берік достық қарым-қатынас пен түрлі саладағы қарқынды ынтымақтастық байланыстырып тұр.

Бүгінде Вильнюс пен Астана арасында жүретін тұрақты әуе рейсінің арқасында қос қаланың тұрғындары бұл бағытта жиі қатынайтын болған. Арнамызға сұхбат берген Вильнюс мэрі Ремигиюс Шимашюс Қазақстан халқын Астананың 20 жылдығымен құттықтады.

Ремигиюс Шимашюс, Вильнюс мэрі:

– Маған Қазақстанның бұрынғы астанасы да, қазіргі астанасы да қатты ұнайды. Жас елорданың жаңа сәулеті жарқырап, көз тартады. Жаңа астана салу шешімі дұрыс болды деп ойлаймын. Мен екі қала арасында мәдениет, экономика тұрғысында ынтымақтастық орнағанына, Вильнюс пен Астана арасындағы тікелей рейс ашылғанына өте қуаныштымын. Өзінің 100 жылдық мерейтойын тойлап жатқан Литва 20 жылдығын атап өтіп жатқан жас Астанаға тек барлық жақсылық пен бейбітшілік, бақ-береке тілейді.

back to top
Хабар 24 телеарнасы