374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық музейде француз кескіндемесінің 48 жауһары көрермен назарына ұсынылды

  • Read 147 times
Ұлттық музейде француз кескіндемесінің 48 жауһары көрермен назарына ұсынылды

Еліміздің Ұлттық музейінде он тоғызыншы ғасырдағы француз кескіндемесінің 48 жауһары көрермен назарына ұсынылды.

Көрмеге келушілер әйгілі Поль Гогеннің және оның «Наби» тобына ерушілер атақты қылқалам шеберлерінің сиқырға толы туындыларын тамашалады. Өнер сүйер қауымды қиял әлеміне әкетер бірегей жұмыстар тұңғыш рет Франция шекарасынан асып, Еуразия кеңістігіне шығарылып отыр. Көрмеде кескіндемемен қатар, мүсіндер және декоративті интерьер әшекейлерін де көруге болады. Айта кетейік, шараға Мәдениет және спорт министрлігі мұрындық болды. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

– Елорданың 20 жылдығы қарсаңында біздің мақсатымыздың бірі – дүние жүзіндегі керемет туындыларды немесе музей туындыларын Қазақстанда көрсету. Елбасының «Рухани жаңғыру» арнайы бағдарламасы бойынша біздің өнерімізді дүние жүзіне көрсетуіміз керек. Бізге келген мамандар Қазақстанның мүмкіншілігін, Ұлттық музейдің кереметтілігін көріп, әсем Астананы тамашалап, өз елдеріне тамаша естелікпен қайтады. Алға қойған мақсатымыз – Қазақстанның жеткен жетістіктерін дүние жүзіне паш ету.

back to top
Хабар 24 телеарнасы