Астананың 20 жылдығына орай «Бақорда» атты кітап жарыққа шықты.
Жаңа туындыда «Егемен Қазақстан» газеті тілшілерінің елорда жайында жазған мақалалары жинақталған. Сондай-ақ бас басылымның ұжымы бүгін еліміздің үздік карикатурашыларын анықтады. Газет өкілдері «Астана айшықтары» тақырыбында суретшілер арасында байқау жариялаған. Додаға ұзын саны жиырмадан аса адам 30 шақты жұмысын өткізіпті. Мақсат – бас қаланың кейпін астарлы оймен өрнектеп, ерекше суретпен көрсету.
Айдарбек Ғазизұлы, суретші:
– Біздің қойған шартымыз шын мәнінде ауырлау болды. Себебі карикатурашылар біржақты ойлайды. Карикатурамен жақсылықты да, жамандықты да суреттеуге болады. Біздің мақсатымыз Астананың 20 жылдықтағы өсіп-өркендеуін көрсетуіміз керек болатын.