374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жапондық тас бағының көшірмесі жасалды

  • Read 233 times
  • Media
Астанада жапондық тас бағының көшірмесі жасалды

Елордада жапондық тас бағының көшірмесі жасалды.

Күншығыс елінің символына айналған мәдени нысан Назарбаев университеті ғимаратының жанына құрылған. Жапонияда тас бағы терең философиялық мәні бар ұлттық құндылық саналады. Жапондықтардың пайымынша, тастың өзіндік қасиетті күші бар. Мысалы, бұл бақта 15 тас қойылған. Ал келуші адам тек 14-ін ғана көре алады. Бақтың қай тұсынан қарасаңыз да, он бесінші тас көрінбейді. Мұндағы мәні – адамзатты үнемі шыңдалуға үгіттеу. «Енді университет студенттері осы жерге келіп, тынығып, рухани демалуға мүмкіндік алады», – дейді оқу орынның басшылары.

Шигео Катсу, Назарбаев университетінің президенті:

– Ең алдымен студенттердің түрлі мәдениеттерге жақын болғанын қаладық. Қала тұрғындары үшін де бұл жердің есігі ашық. Өткен жылы ЕХРО көрмесі кезінде қазақстандықтар жаһандық мәдениетпен танысуға мүмкіндік алды. Біз сол дәстүрді жалғастырмақ ниеттеміз. Бұл Астананың 20 жылдығына жасалған тарту десек болады.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы