368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған сәулет көрмесі ашылды

  • Read 238 times
  • Media
Мәскеуде Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған сәулет көрмесі ашылды

Ресей астанасы Мәскеуде Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған сәулет көрмесі ашылды.

Келген қонақтар ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алаңынан Қазақстанның жаңартылған павильонын тамашалады. Шын мәнінде бұл жаңғырған елорданың, оның іскер және туристік әлеуетін көрсететін тұсаукесер болды.

«Ауыл шаруашылығы жетістіктері» көрмесінде ашылған Қазақстанның жаңартылған павильонын тамашалаған көрме қонақтары таңдай қақты. Бұрынғымен айырмашылығы жер мен көктей. Қайта жөндеу барысында 1954 жылғы жоба бойынша тарихи қасбеті, интерьері мен мүсіндік композициялары қалпына келтіріліп, әйнекті күмбезі қайта жаңғыртылды. Мемлекет бюджетінен бір тиын да бөлінбеген жобаны қазақстандық компаниялар қаржыландырған.

Астананың сәулетіне арналған көрменің салтанатты ашылуына Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Ресейдің бірінші премьер-министрі Антон Силуанов қатысты.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

– 20 жыл ішінде елордамыздың халқы бес есеге өсіп, Астана 1 млн 200 мың тұрғыны бар алып мегополиске айналды. Осы мерзімде Астананың бірегей сәулет көркі қалыптасты. Ресей президенті Владимир Путин Астананы «бүгінгі күннің ғажабы» деп атаған.

Антон Силуанов, РФ Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

– Шынымен бұл – табысты іске асқан өте ірі жоба. Біз Астанаға барған сайын оның қарқынды дамып келе жатқанын көріп жүрміз. Астана ірі іскерлік, қаржылық және мәдени орталыққа айналды.

Көрменің ашылу барысында керемет концерт те қойылды. Сондай-ақ павильонымыздың жанында қазақ ауылы бой түзеп, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі болды.

Валерий Симонов, «Труд» газетінің бас редакторы:

– Қазақстанның өз павильонына соншалықты ұқыпты қарағаны осы жерді көркейтуімен қатар, басқаларға да үлгі болды. Сол үшін Қазақстанға алғыс айтамыз. Павильондарыңыз керемет, тұсаукесері да тамаша өтті.

Сәулет көрмесі алтыншы шілдеге дейін жұмыс істейді.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы