365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысы Астананың 20 жылдығына ерекше сый жасамақ

  • Read 387 times
  • Media
Қарағанды облысы Астананың 20 жылдығына ерекше сый жасамақ

Қарағанды облысы елорданың 20 жылдығына орай «Ұлытау» аллеясы мен «Қазақ халқына мың алғыс» атты монумент тарту етпек.

Қала қонақтары мен тұрғындары екінші шілдеден бастап жаңа саябақта қыдыра алады.

Ұлытау – еліміздің қасиетті жері. Оның қазақ мемлекеттілігін қалыптастыруда тарихи орны бар. Енді осы киелі жердің бір бөлігі Астанаға қоныс аударғандай. Мәңгілік ел қақпасының оң жағынан «Ұлытау» аллеясы ашылады. Жаңа саябақ тарихи-мәдени жәдігерлерімен құнды.

Тайхан Қалмаханов, Қарағанды облысының басқарма басшысының міндетін атқарушы:

– Аллеяның ұзындығы – 250 метр, ені – 55 метр. Мәңгілік ел аркасынан басталып, Түркістан көшесіне дейінгі аралықта. Саябақтың бір ерекшелігі – мұндағы әр ескерткішке QR-код қойылады. Осылайша, мүсіндер туралы ақпарат электронды форматта қолжетімді болмақ. Жобаның жалпы құны – 500 миллион теңге. Жергілікті компаниялар қолдау көрсетті.

Тарту-таралғы қатарында «Қазақ еліне мың алғыс» монументі бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысымен биіктігі 13 жарым метр ескерткіш бой көтермек. Бұл – нәубет заманда тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қазақ жеріне жер аударылған өзге ұлтты бауырына басқан қазақ халқына тағзым. 

Серік Рустамбеков, жоба авторы:

– Қазақтың келіншегі бейнеленген. Үш баланы қорғағандай болып, қамқоршы болып тұрған бейне.

Келшулер тас бетіне қашалып салынған жануарлар бейнелерін тамашалай алады. Бұл – «Теректі» петроглифтері. Сондай-ақ балбал тастар сыр шертеді. «Алтын шоқы» шыңындағы тастың көшірмесі қойылады. Темірланның жазбасы сақталған тастың түпнұсқасы қазір Эрмитажда тұр.

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Асхат Қарақойшиев

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы