365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанаға 20 жыл: Украинада елорда туралы деректі фильм көрсетілді

  • Read 463 times
  • Media
Астанаға 20 жыл: Украинада елорда туралы деректі фильм көрсетілді

Украинадағы Қазақстан елшілігі Астананың 20 жылдығына орай салтанатты қабылдау шарасын өткізді.

Жиынға дипломатиялық өкілдіктер, қазақ диаспорасы, қоғамдық-саяси және іскер топ өкілдері қатысты. Қазақстанның Украина мен Молдовадағы елшісі Самат Ордабаев келген қонақтарға Астана туралы баяндап берді. Қабылдауда бас шаһар туралы деректі фильм көрсетіліп, қонақтар арасында Астанаға қатынайтын ұшаққа тегін билет ойнатылды. Тосын сыйлыққа Украина Ұлттық академиясы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Нариман Сейтягьяев ие болды.

Нариман Сейтягьяев, байқаудың жеңімпазы:

– Мен Алматы мен Түркістанда болдым. Бірақ Астананы әлі көрген жоқпын. Сондықтан бұл шаһарға қуана барамын.

Елена Шаповалова, тарих ғылымының кандидаты, доцент:

– Украина мен Қазақстан білім, ғылым, IT саласында тығыз қарым-қатынас орнатқан. Керемет жобалар жүзеге асырылып жатыр. Екі елдің әлеуеті зор. Қос мемлекетте оқып жатқан студенттер сапалы білім алып, озық технологиялармен танысып жатыр. Астана күні құтты болсын.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы