374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бакуде Астананың мерейтойы атап өтілді

  • Read 320 times
Бакуде Астананың мерейтойы атап өтілді

Астананың 20 жылдық мерейтойы Баку қаласында атап өтілді.

Шараны Қазақстанның Әзірбайжандағы елшілігі ұйымдастырды. Оған ел үкіметі мен парламентінің өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері мен шетелдік дипломаттар қатысты.Елші Бейбіт Исабаевтың айтуынша, соңғы 20 жылда Астана тек экономикалық, саяси және мәдени орталық емес, әлемдік деңгейдегі шараларды өткізе алатын алаңға айналған. ТМД аумағында алғаш халықаралық EXPO-2017 көрмесі Астанада өткізілді. Мерекелік шарада шаһардың ерекше архитектурасы бар заманауи мегаполис және қазақстандықтардың ұлттық символы мен мақтанышына айналғаны туралы айтылды.

Эльхан Аласкаров, Baku Network директоры:

- Астананың ел орталығында бой түзеуі - Қазақстан халқы үшін жарқын келешектің нышаны. Бір қаладан екінші қалаға астананы көшіру көп елдің қолынан келе бермейді. Қазақстанның мәдени өмірі, атап айтқанда музыка, театр, экономика Астана қаласында қарқынды дамып келе жатыр. Қазақ халқының қуанышына ортақпыз, мереке құтты болсын.

Ильгар Велизаде, политолог:

- Қысқа мерзім ішінде кішігірім облыс орталығын Еуразия құрлығындағы ірі қалалардың біріне айналдыру  үлкен ерлік деп есептеймін. Бүгінде Астананың 20 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Бұл, әрине, Қазақстанның серпінді дамуына зор үлесін қосып жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің арқасында. Астана маңызды келіссөздер алаңына айналды және ірі халықаралық шараларды өткізуге қауқарлы.

back to top
Хабар 24 телеарнасы