367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биіктіктерді бағындарған Астана тұрғындары жетістікке жету құпиясымен бөлісті

  • Read 218 times
  • Media
Биіктіктерді бағындарған Астана тұрғындары жетістікке жету құпиясымен бөлісті

Елорданыі 20 жылдық мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясының Nur Otan Talks жобасы аясында белгілі биіктерді бағындырған Астана тұрғындары жетістікке қалай жеткені жайында кеңінен айтып берді.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Астананың 20 жылдығы Тәуелсіздік жылдарындағы ең басты жеңіс және жетістік екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары:

- Әлбетте бұл трансформацияға барлық астаналықтардың, қазақстандықтардың сіңірген еңбегі зор. Мұның артында Мемлекет басшының ерік-жігері мен көрегендігі бар. Астана көптеген адамдардың қалыптасуына, тағдырының өзгеруіне, өсуіне оң әсер етті.

Сондай-ақ танымал тарихшы, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы, Астана операның жетекші солисі Мәдина Басбаева, «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының негізін қалаушылардың бірі Динара Закиева және даңқты шахматшы, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов елорданы Алматыдан Астанаға ауыстыру туралы Елбасы шешімі өмірлеріне қаншалықты әсер еткендігін айтып берді.  Берік Әбдіғалиұлы жиналған қауымға Қазақстан астанасына «Астана» деген атаудың берілуінің өзі кездейсоқтық емес екенін жеткізді. 

Берік Әбдіғалиұлы, «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, тарихшы:

- Астана сөзінің ұғымы «киелі жер» деген мағына береді екен. Парсы, араб және түркі тілінде. Киелі жерлерде осындай халық жиналған. Орталықтар болған. Бүкіл осы мұсылман, түркі әлемінде. Тарихта жиі кездеседі.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы