366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Астана – Қазақстанның табысы мен гүлденуінің нышаны

  • Read 126 times
Сарапшы: Астана – Қазақстанның табысы мен гүлденуінің нышаны

Астана 20 жыл ішінде заманауи, қарқынды дамып келе жатқан мегополиске айналды.

Қазір шаһар жаңа идеялар мен инвестиция тарту көзіне айналуда. Қазақ елін Астана күнімен неміс саясаткерлері құттықтады. Бундестаг мүшесі Андреас Ян «Астана – Қазақстанның табысы мен гүлденуінің нышаны деп атап өтті.

Андреас Ян, Бундестаг Халықаралық іс жөніндегі комитетінің парламенттік хатшысы:

– Мен Астанаға екі жыл бұрын сайлау бақылаушысы ретінде бардым. Сол сапардан керемет әсер қалды. Астана – көрікті қала. 20 жылда үлкен жетістіктерге жеттіңіздер. Астана маңызды саяси шешімдер қабылданатын орталыққа айналды. Мысалы, Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздер, халықаралық ЕХРО көрмесі де табысты өтті. Шын жүректен Қазақстан елордасын 20 жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді.

back to top
Хабар 24 телеарнасы