367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жастар форумы басталды

  • Read 262 times
  • Media
Ақтөбеде елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жастар форумы басталды

Ақтөбеде халықаралық жастар форумы басталды.

«Астана! Жастар! Болашақ!» деп аталған форум елорданың 20 жылдығына арналып отыр. Мақсаты – саясат, экономика, кәсіпкерлік және азаматтық бастамалармен айналысатын жастарға бағыт-бағдар беріп, өзара тәжірбие алмасу.

Ақсәуле Байменшина, тілші:

– Жастардың басын қосқан жиынға көршілес Орынбор мен Башқұртстаннан арнайы делегация келді. Одан бөлек, өз еліміздің жастары да көп жиналды. Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облысының белсенді жастары осында. 

Форум кезінде әртүрлі тақырыпта семинарлар мен тренингтер өтеді. «Қоғам дамуының демократиялық қағидалары», «Менің жетістігім – менің елімнің жетістігі», «Бизнесті нөлден бастау» тақырыптарында семинар ұйымдастырылады деп жоспарланған. Жастардың алдында білікті мамандар дәріс оқиды. Бұл форумға блогерлер де қатысып жатыр. Жалпы жан-жақтан жиналған жастар ортақ алаңда өз ойларын айтып, пікір алмасатын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар ел мен елдің арасындағы байланысты нығайтып, жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырады. Жалпы Ресей жастарымен бұрыннан да әріптестік байланыс бар.

Қала сыртындағы демалыс кешенінде өтіп жатқан форум кезінде спорттық шаралар өтеді. Жергілікті өнер ұжымдары концерт қойып, қонақтарды ұлттық өнермен таныстырады.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы