374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Астананы гүлдендіруде Елбасының сіңірген еңбегі зор

  • Read 173 times
Сарапшы: Астананы гүлдендіруде Елбасының сіңірген еңбегі зор

Астана – Еуразияның заманауи әрі қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бірі.

«Бас шаһарды гүлдендіруде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор», – дейді Латвияның байланыс министрлігінің өкілі Улдис Рейманис.

Улдис Рейманис, Латвия байланыс министрлігі мемлекеттік хатшысының орынбасары:

– Қазақ елін Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтамын. Өйткені ол Астананың құрылысына үлкен күш-жігер жұмсады. Бастысы халықты сендіре алды. Нәтижесінде әсем қала күннен-күнге көркейе түсті. Мен Астананы Дубаймен салыстыра отырып, оның қарқынды дамуына адамдармен қатар, өзінің орналасқан жері де көп сеп болуда деп ойлаймын. Астана мен Латвия қалаларының жасыл технология саласындағы ынтымақтастығының келешегі зор.

back to top
Хабар 24 телеарнасы