374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында бір мезетте 12 ауылдық округте ойын алаңы пайда болды

  • Read 179 times
  • Media
Павлодар облысында бір мезетте 12 ауылдық округте ойын алаңы пайда болды

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Павлодар облысы Май ауданының халқы қуанышқа кенелді.

Бұл күні ауданның кішкентай тұрғындарына балалар алаңдары сыйға берілді. Бір мезетте 12 ауылдық округте ойын алаңы пайда болды. Атап өтерлігі, олардың бәрі жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға салынып отыр. Ауыл қазынасына салықтан түскен қаржы көлемі 9 миллион теңгеге  жуықтаған. Ойын  алаңдары дене шынықтыруға арналған тренажер құрылғыларымен жабдықталған. Жергілікті билік олардың саны  келешекте артатынын айтады. Мәселен, аудан орталығы Көктөбе ауылының барлық аумағын балалар алаңымен қамту көзделген.

Сәкен Сағынбаев, Көктөбе ауылы әкімінің міндетін атқарушы:

- Осы ойын алаңының қоршауларын жасау керек. Футбол ойнайтын алаң жасаймыз. Орын дайындап қойдық. Тек енді торын, қоршауларын дайындау керек. Сонымен қатар бізде жабық футбол алаңы бар. Соның қасында кішкентай осы ауылға жарайтындай жаңа стандартқа сай тренажер жабдықтарын қоюға тырысамыз. Ол келесі жылы болады.

Арай Рақымғали, Баскөл орта мектебінің оқушысы:

- Біз осындайды өте көп күттік. Бізге үлкендер Астананың 20 жылдығына осындай сыйлық жасағанына өте қуаныштымын. Енді жаз бойы осы алаңда ойнап жүреміз.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы