368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана мерейтойына мұнайшылар тарту жасады

  • Read 340 times
  • Media
Астана мерейтойына мұнайшылар тарту жасады

Мұнайшылар ауылы Астананың қақ төрінде қанат жайды.

Өткенді сабақтап, тарихи-мәдени мұраларымызды паш ететін киіз үйлер кешелі бері астаналықтарды қарсы алып жатыр. Бұл – «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының қала күніне тартуы. Сөйтіп мұнайшылар қолөнер шебері атанды.

Алтыбақан, жағалай тігілген киіз үйлер, қазан-ошақ – кәдімгі қазақ ауылының көрінісі. Әр отау бір өңірдің тарихынан сыр шертеді. Мысалы, бұл киіз үйде Ұлы Жібек жолы бойындағы орналасқан кесенелер мен ескерткіштерді көре аласыз. Ал мұнда бүгінгі Астананың көрікті жерлерінің кішірейтілген макеттері бар. Мұның барлығы – мұнайшылардың күшімен жасалған дүниелер.

Алтынбек Қамшыбек, Павлодар мұнай құбырлары басқармасының басшысы:

– Біздің жұмысшылардың барлығы осындай іс шара болады деген күннен бастап үлес қосып, осында тұрған барлық макеттерді өздері жасады.

Киіз үй ауылы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Астанаға тартуы. «Халықтың рухани қазынасы бұл – кез келген шикізаттан қымбат байлық», – дейді мұнайшылар. Этноауылдың мазмұны келушілердің де көңілінен шықты.

БЛИЦ:

– Өте керемет, қызыммен серуендеп жүрмін. Қазақтың салт-дәстүрлерін, аспаптарын қатты ұнатамын.

– Маған Атырау көрмесі ұнады, Құлсары мұнай-газ құбыры басқармасының көрмесі керемет.

Елорданың төрінде қанат жайған ауылда мәдени шаралармен қоса, тұрмысы төмен отбасылар, жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып қайырымдылық акциялары да өтпек. Қала қонақтары 7 шілдеге дейін өткенді сабақтап, тарихи-мәдени мұраларға қанық болады.

Авторлары: Мәншүк Мақсұтқызы, Самат Оспанов

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы