367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» қаржы орталығы ресми түрде ашылады

  • Read 410 times
  • Media
«Астана» қаржы орталығы ресми түрде ашылады Казахстанская правда

Негізі орталық жыл басынан бері жұмысына кірісіп, ұйымдастырушылық мәселелердің барлығын пысықтаған болатын. Енді қаржы хабы ретінде әлемге танылуға дайын.

Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Әлемге сәулетімен танылған Астана енді Еуразияның «қаржы қақпасына» айналуды көздеп отыр. Шара қазір бірер сағаттан соң басталады. Оған Елбасы қатысады деген жоспарда бар. Ал мәртебелі қонақтардың қатарында Әбу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян бар. Осы тұста айта кеткен жөн, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Дубайдағы қаржы ұйымдарымен әріптестік орнатқан. Сондай-ақ Шанхай, Лондон мен Нью-Йорк, Токио, Сингапур сынды Батыс пен Шығыстағы барлық орталықтармен берік ынтымақтастыққа жол салды. Қазір 55 компания бізбен жұмыс істейтінін растады. Ал жыл соңына дейін бұл тізім 100-ге жуықтауы мүмкін. Сондай-ақ орталық алдағы уақытта исламдық қаржыландыру нарығының дамуына ықпал етуді көздейді. Осылайша 2030 жылға дейін 30 млрд доллар көлемінде инвестиция тарту жоспарда бар.

Ал осы мақсатқа жету үшін әлемдік қаржы институттарының сеніміне ие болу маңызды. Әрине, ол үшін ең алдымен әділ сот жүйесі болуы тиіс. Мұнын бәрі ескеріліп, «Астана» халықаралық қаржы орталығы тәуелсіз сотының 9 судьясы тағайындалды. Олардың барлығы дерлік заңи сауатты, халықаралық құқықтану саласындағы белді тұлғалар. Бәрі шетелдіктер. Айтпақшы, осында жұмыс істейтін өзге елдің азаматтарына 5 жылға дейін виза беріледі. Ал құжатты рәсімдеу үшін ары-бері сандалмайсыз. Мұнда «бір терезе» қағидаты жұмыс істейді. Тіпті салық төлемдерінен 50 жылға босату жайы да қарастырылған.

Келер жылдан бастап жаңа халықаралық рейстер ашылады. Астана әлемнің 9 қаржы орталығымен тікелей әуе қатынасы арқылы байланыспақ.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы