367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әсет Исекешев астаналықтарды елорданың мерейтойымен құттықтады

  • Read 223 times
Әсет Исекешев астаналықтарды елорданың мерейтойымен құттықтады

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорданың тұрғындары мен қонақтарын мемлекетіміздің бас қаласының 20 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Elorda Info.

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Астанамыздың жиырма жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – қысқа уақытта салынған айбынды мегаполис, тәуелсіздіктің символы. Елбасымыз осыдан жиырма жыл бұрын Арқа төсінде осындай ғажайып қала саламыз дегенде көпшілік сене қоймағанын жақсы білеміз. Дегенмен, мұның өміршең мұраттар арқалаған тарихи шешім болғанына бүгінде уақыттың өзі айқын дәлел. Қалаға салынған инвестиция өзін толық ақтап, Астана ел халқының мақтанышына, мемлекет дамуының локомотивіне айналды.

Бүгінде елордамыз өзінің жиырма жылдық мерейтойына мол табыстармен, салмақты жоспарлармен жетіп отыр. Қаланы әлемнің ең үздік мегаполистерімен терезесі тең, тұрғындары бақуатты шаһарға айналдыру бағытында барлық қажетті шаралар қолға алынуда. Бұған бізде ресурстық әлеует те, толымды тәжірибе де, талап-ниет те жеткілікті. Сондықтан Астанамыздың келешегі кемел, жарқын сәттерге толы болады деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға ырыс пен береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!

                                                                                           Ізгі ниетпен,

                                                                       Астана қаласының әкімі

                                                                       Әсет Исекешев

back to top
Хабар 24 телеарнасы