367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылық жастар 20 метрлік торт дайындады

  • Read 242 times
Алматылық жастар 20 метрлік торт дайындады

Алматыда халықты жұмыспен қамту орталығы екі қолға бір күрек таппай жүргендерге ерекше мүмкіндік ұсынды.

Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесі бұл жолы жаңа форматта өтті.

Арбатқа жиналған жұмыс іздеушілер алдымен мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады. Жастар жағы «Астана жүрегімде» деп аталған флешмобқа қатысты.

Алматы қаласының жастар ұйымы елорданың 20 жылдығына арнап 20 метрлік торт дайындапты. Ал өнерсүйер қауым үшін тамаша сурет көрмесі ұйымдастырылған. Елбасы, Астана, Бәйтерек – барлығы да атаулы датаға арнап салынған туындылар.  

Гауһар Іздібай, қала тұрғыны:

- Бұл жерде 150-ден астам вакансия түрі қарастырылған. Осындай шараны ұйымдастырып жатқан әкімдік және Жұмыспен қамту орталығына барша жастардың атынан рақмет айтқым келеді.

Жыл басынан бері Алматыда 8 мың адам еңбекпен қамтылған. Оның 5 мыңға жуығы тұрақты, ал 3 мыңы уақытша жұмысқа орналастырылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында биыл 670 адам оқу курстарына жіберілген. «Жаңа мамандыққа бейімделуге ниеттенген азаматтардың қатары жыл санап артып келеді», – дейді орталық мамандары.

Дәуірбек Әбуов, қалалық Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

- Қазіргі таңда қызмет көрсету саласындағы мамандықтарға сұраныс көп, сату менеджерлері, қонақүй бизнесі және де шаштараздар.

Мамандар жұмыс іздеушілерге мұндай жәрмеңкелердің көмегі зор екендігін айтады. Жұмыс берушілер мен жұмыссыздарды кездестіріп, ортақ мәміле жасасуына мүмкіндік беруді мемлекеттің еліміздің азаматтарына жасаған қолдауы деп түсіну керек. 

Авторлары: Индира Оразалинова, Нұрдәулет Жақсыбай

back to top
Хабар 24 телеарнасы