374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауылшаруашылық өнімдері тиелген түркістандық керуен елордаға аттанды

  • Read 187 times
Ауылшаруашылық өнімдері тиелген түркістандық керуен елордаға аттанды

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысынан ауыл шаруашылығы тауарлары тиелген керуен елордаға аттанды.

Бұл өнімдер бас қалада 7-8 шілде күндері өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесінде қала тұрғындарына арзан бағада ұсынылатын болады. Онда жалпы сомасы 163,1 млн теңгені құрайтын 525 тонна өнім саудаға шығарылады. Соның ішінде 95 тонна ет және ет өнімдері, 154 тонна көкөніс, 46 тонна сүт өнімдері, 46 тонна жеміс, 5 мың дана жұмыртқа, 6 тонна балық, 5 тонна бал, 80 тонна бақша өнімдері бар.

back to top
Хабар 24 телеарнасы