365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 30-дан аса жаңа нысан қолданысқа беріледі

  • Read 213 times
Ақтөбеде 30-дан аса жаңа нысан қолданысқа беріледі

Ақтөбеде Астананың 20 жылдығына орай отыздан аса жаңа нысан қолданысқа беріледі.

Олардың қатарында әлеуметтік, өндірістік және сауда орындары бар. Оларды іске қосу үшін 10 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Осы жобалардың негізінде қосымша 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туды. Биыл Ақтөбе облысында «Балалар жылы» деп жарияланған. Мерекеге орай қолданысқа берілетін аква-саябақ пен отбасылық демалыс орны бөбектерге үлкен сый болмақ. Спорт алаңдары мен өзге де әлеуметтік нысандар тек орталықта ғана емес, аудандарда да ашылады. 

back to top
Хабар 24 телеарнасы