374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестивалі өтуде

  • Read 227 times
  • Media
Елордада үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестивалі өтуде

Арқа төрінде «Астана самалы» үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестивалі өтіп жатыр.

Оған Қазақстанның әр жерінен және Ресейден келген 250-ге жуық музыкант қатысуда. «Бәйтерек» монументі алаңында осы фестивальдің аясында бэнд-марафон басталды.

Жасын Біркенов, тілші:

– Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында», Давид Тухмановтың «Эти глаза напротив», Андрей Эшпайдың «Увертюра» музыкалық композициялары бүгінгі кешті тамашалап тұрған көрермендердің құлақ құрышын қандыруда. Үрмелі аспаптардың сүйемелдеуімен вальс, марш, польки орындалып, астаналықтар мен қала қонақтарының көңілін көтеруде. Фестивальге Ұлттық Ұлан оркестрі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Президенттік оркестрі, Шекара қызметінің оркестрі, «Ертіс концерт» үрмелі оркестрі, Новосібірдің «Сибирский диксиленд» джаз-оркестрі және Барнауыл қаласының оркестрі қатысып, шараның көрігін қыздырды. Халықтың мәдени мұрасы мен ұлттық өнерін насихаттап, оны дамытуы үшін және шығармашылық ұжымдардың бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасуы үшін керек мұндай шаралар. Музыкалық кеш әлемнің алып, алпауыт мемлекеттерінің бас қалаларымен иық теңестірген Астананың туған күніне арналған.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы