374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда төрінде түркі халықтарының дәстүрлі әндері орындалды

  • Read 222 times
Елорда төрінде түркі халықтарының дәстүрлі әндері орындалды

Түркі әлемінің музыкалық мұрасын бағалаушылар елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана-Арқау» фестивалін тамашалады.

Дәстүрлі музыка кешінде алыс-жақын шетелдегі танымал өнер шеберлерінің орындауында түркі халықтарының музыкасы ұсынылды. Батыс пен Шығыс тыңдармандарын тамсандыратын жанрлар – бақсылардың ән-жыры, шаңқобызға арналған керемет композициялар, көмеймен ән айту эпикалық және аспаптық шығармалар, Орталық Азия мен Қазақстан, Күнгей Кавказдың әндері орындалды.

Құрмаш Ыбышев, Қарағанды қаласы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі:

– Мақсат – көнеден келе жатқан ескі сарынды қайтадан жарыққа шығару, түркітілдес халықтардың музыкасын насихаттау.

back to top
Хабар 24 телеарнасы