365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Берлинде елорда мерейтойына арналған конференция өтті

  • Read 196 times
  • Media
Берлинде елорда мерейтойына арналған конференция өтті

Германия сыртқы істер министрлігінде Астананың 20 жылдығына орай конференция  өтті.

Шараға қатысушылар қаланың бүгіні мен болашағы жайлы ғана емес, біршама тақырыптарды қамтыды.  Неміс саясаткерлері мен журналистері қазақ астанасының жылдар бойы жеткен жетістіктеріне тәнті болды.  Біріншіден, спикерлер Астананың қайталанбас сәулеттік ерекшелігін атап өтті. Олар әлем сәулетшілерінің туындыларының бір ансамбльге  біріктірілгеніне қызыға қарады. Сондай-ақ конференциядағы бір тақырып EXPO-2017 болды, немістер әлемдік көрменің Астананың дамуына ғана емес, бүкіл Қазақстанға қуатты серпін бергенін айтады.  Неміс-қазақ қоғамының ұйымдастырушылары конференцияда елорданың бірегей ерекше суреттерін паш етті. Қонақтардың көпшілігі Астанада бірнеше рет болған және  жас қаладағы естеліктері мен 20 жыл бұрынғы бейнесін салыстыра өз ойларын жасыра алмады.

Галина Нұртазинова, Германиядағы неміс-қазақ қоғамының басшысы:

- 1998 жылдың 10 маусымы.  Мен Астананың осы алғашқы халықаралық таныстырылымының қатысушысы болдым. Біз ол жерге неміс кәсіпкерлерін ертіп  бардық. Пионерлер Сарайының және оқушылардың алдында «Жаңа Астана» атты алғашқы импровизацияланған көрме кешенінің жасалғанына куә болдық. . 20 жыл уақыттан кейін форумға келіп отырмын, жуырда ғана АЭФ-те болып қайттым. Қаланың  өзгергенін және өз көкжиегін кеңейткенін байқап отырмын. Мәңгілік жастық пен гүлденуді тілеймін, себебі, Астана жәйдан-жәй бейбітшілік қаласы деп аталған жоқ, мұнда тек әлемдік бастамалар белең алып, ғаламда тек татулық әні шырқалсын дегім келеді.

Гюнтер Кнабе Орталық Азия елдерінің сарапшысы:

- Астананың ерекше ынта, шабыт және энергиямен құрылғандығы үлкен әсер береді.  Сарыарқаның сайын даласында  бірегей қала тұрғызылғанына таңқалдым. Бүгінде ол көптеген архитектуралық стильдердің бір-бірімен араласатын көркем қала. Мұндай ауқымды жобаның қысқа мерзімде жасалғанына әлі күнге дейін таңданамын. Астана  осы жылдар ішінде саяси және экономикалық орталыққа айналды. Қазіргі таңда бұл қаланы тек Қазақстанның астанасы ғана емес, бүкіл аймақтың орталығы деп есептейді. Барша Қазақстан халқын елорданың 20 жылдығымен құттықтаймын!

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы