365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Х.Дриссер: Нидерланд пен Қазақстан қарым-қатынасының нығая түскеніне қуаныштымын

  • Read 160 times
  • Media
Х.Дриссер: Нидерланд пен Қазақстан қарым-қатынасының нығая түскеніне қуаныштымын

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Нидерланд та өз құттықтауын жолдады.

Гаага мен Астана арасында саясат пен экономиканың түрлі салаларында тығыз ынтымақтастық орнаған. Қазақстан мен Голландияның қарым-қатынасы жыл сайын нығайып, кәсіпкерлері мен бизнесмендері Қазақстанның мұнай-газ секторымен қоса өңдеуші және ауылшаруашылығы саласындағы инвестицияларын ұлғайтуға мүдделі болып отыр.

Ханс Дриссер, Нидерландтың Қазақстандағы елшісі /2012–2016/:

- Мен Астанада төрт жыл тұрдым. Фотосуреттерге қарап отырып, өзімді туған үйімде жүргендей сезінемін. Қазақстан мен Нидерланд арасында бизнес, мәдениет саласындағы қарым-қатынастың нығая түскенін көріп қуанамын. Екі елде оқып жатқан студенттер саны да аз емес. «Қазақстан-Еуроодақ» аясында да қос мемлекетте  жемісті ынтымақтастық орнаған. Мен Астананы 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Туған қаламдай ыстық болған бұл шаһарға қайта бару мүмкіндігін тағатсыздана күтіп жүрмін.

Томас Джон, халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясы басшысының көмекшісі:

- Астана – өте әдемі, керемет қала! Тәуелсіздік  алған 26 жылда бұл ел қарқынды дамыды. Астана бұдан да керемет гүлдене берсін.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы