364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Американдық инвесторлар елорда мерейтойымен құттықтады

  • Read 163 times
  • Media
Американдық инвесторлар елорда мерейтойымен құттықтады

Астананың 20 жылдығын Қазақстанмен серіктестік орнатқан американдық инвесторлар да тойлап жатыр.

Кәсіпкерлер жылдан жылға елордамыздың қарқынды дамуына куә болып келеді. Бүгінде АҚШ инвесторлары Астананың жетістіктеріне тамсанып, ізгі тілектерін жаудырды.

Геннадий Перепада, кәсіпкер /АҚШ/:

- Бизнес үшін Қазақстанда қолайлы жағдай жасалған. Оны біз кәсіпкер ретінде сеніммен айта аламыз. Бүгінгі шет елдік, американдық компаниялардың Қазақстан аумағында болуы да соған дәлел. Олардың қатарында «Дженерал электрик», «Шеврон» және тағы басқалары бар. Бүгінде Астана Ақ үйдің сенімді серіктесі. Осы жылдың қаңтар айындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған жемісті сапары есімізде. Одан бөлек жас астана «Астана Опера» және «Астана Балет» театрларымен танымал. Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен құттықтаймын. Табыс, бейбіт өмір және бар жақсылықты тілейміз.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы