365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда «Шеберлер қалашығы» фестивалі ұйымдастырылды

  • Read 190 times
Қарағандыда «Шеберлер қалашығы» фестивалі ұйымдастырылды

Қарағандыдағы орталық алаңда «Шеберлер қалашығы» фестивалі өтіп жатыр.

Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған игі шараға шаһардағы барлық аула клубтары он саусағынан өнер тамған хас шеберлер қатысуда. Ашық аспан астындағы көрмеде қағаздан, ағаштан, қайыстан, пластиктен жасалған түрлі бұйымдарды тамашалауға болады. Бұл күні мамандар жұртшылық арасынан үйренуге ынта білдіргендерге шеберлік сабақтарын да өткізді.

Анар Аманжолова, «Арман» аула клубының жетекшісі:

- Ұлттық қолөнер, одан кейін оригами дейді, ал ән сабақтан балаларды қалай үйрететіндіктерін көрсетіп жатыр. Ана жерде дәмді тағамдар пісіретін дастархан тұр. Кез келген бала болсын, үлкен адам болсын, шеберлік сабағын ала алады. Қасында отырып, өзі қолынан жасап, үйге алып кетуіне болады.

back to top
Хабар 24 телеарнасы