367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда жастар арасындағы спартакиадаға 500-ге тарта адам қатысуда

  • Read 509 times
Таразда жастар арасындағы спартакиадаға 500-ге тарта адам қатысуда

Таразда еңбек жастары арасында спартакиада өтіп жатыр.

Спорттық шара Астананың 20 жылдығына арнайы ұйымдастырылған. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы 500-ге тарта адам қатысуда. Олар қол күрес, үстел теннисі, жүзу, кіші футбол, гір тасын көтеруден өзара мықтыны анықтайды. Басты мақсат – бұқаралық спортты дамытуға тікелей бағытталған. Бүгінде шаһар халқының 29 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады. 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізу жоспарда.

Атабек Зейнедулла, қала тұрғыны:

- Кіші футболдан келдік. Біз өзіміздің құраммен келдік. Қол күрестен балалар бар. Қыздар бар. Дайындығымыз өте керемет.

Қасымхан Төлендиев, Тараз қаласының құрметті азаматы:

- Сағат алты жарымнан бастадық. Осының бәрі Астанамыздың 20 жылдығына арналып отыр. Маңыздылығы өте зор. Неге десеңіз, жастар спортқа жұмылдырылады. Босқа уақыттарын өткізбейді. Спорт дегеніміз – денсаулық. Жастар деген – еліміздің келешегі.

back to top
Хабар 24 телеарнасы