365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропалық сарапшы: Астана дипломатиялық тұрғыдан кең аумақты қамтиды

  • Read 180 times
  • Media
Еуропалық сарапшы: Астана дипломатиялық тұрғыдан кең аумақты қамтиды

Заман талабына сай инновациялық астана салу жобасы урбанизация мен тұрақты даму мақсатындағы табысты менеджменттің үлгісі деп атауға болады.

Арнаулы тілшімізге сұхбат берген еуропалық саясатшылар мен кәсіпкерлер осындай пікірде.

Қаржы мен банк саласындағы сарапшы Мартин Эмхтың пікірінше, Астана бүгінде инвестиция мен жаңа технологияларды тартатын орталыққа айналды. Осымен шектелмей, аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп жүрген ара бітістіруші ретінде елордамыздың маңызы артып келеді. 

Мартин Эмх, швейцариялық консалтинг компаниясының басшысы:

- Дипломатиялық тұрғыдан Астананың бітімгерлік орны өз аймағынан да асып кеткен. Мәселен, Сирия бойынша келіссөздер осында өтетінін білесіздер. Швейцариядай Астанада осындай бейтарап орталық құрылуы мүмкін. Қазақстан саналы түрде алып державалардан арақашықтық ұстап, өз платформасын ұсынуға тырысып жүр. Қаржы орталығы секілді бұл да болашағы бар бағыт деп санаймын.

Еуропада Астананы еліміздің әкімшілік орталығы ретінде қабылдап ғана қоймай, дәрежесі одан да кең деп бағалайды. 

Мартин Эмх, швейцариялық консалтинг компаниясының басшысы:

- Астана - іс жүзінде орталық. Ол Бразилиа (Бразилияның астанасы) емес, көптеген салада, атап айтқанда қаржы, дипломатиялық, саяси салаларда және экономикалық инфрақұрылым дамыту тұрғысынан алып қарағанда нағыз орталық. Мен Астананы бір бос «шоу-кейс» емес, маңызы зор орталық деп санаймын.

Ханс Бишофф, Германиядағы «Қазақ Инвест» өкілі:

- Астананы 20 жылдығымен құттықтаймын! Елордаңызға бірнеше рет барғанмын, әр барған сайын қалада жаңа жобалар жүзеге асып жүргенін байқаймын. Жұрттың көбі Астананы Орталық Азиядағы жаңа Дубай деп атайды. Қазақстандықтардың елордасын мақтан тұтатынына еш күмәнім жоқ.

Астанамен жемісті серкітестігін әрі дамытуға ниетті еуропалық сарапшылар аймақтық орталыққа бейбітшілік, тұрақтылық, мол табыс пен бақыт тілеп отыр.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы