365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалықтар «Сәлем, Астана» концертін тамашалады

  • Read 212 times
Елордалықтар «Сәлем, Астана» концертін тамашалады

Бүгін Есіл жағалауында балалар мен жасөспірімдер елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік концерт қойды.

Бас шаһарымыздың 20 жылдығына орайластырылған шара Амфитеатрда «Сәлем, Астана» атауымен өтті. Осымен 5-мәрте қатарынан өткізіліп келе жатқан дәстүрлі жобаға еліміздің әр өңірінен 350-ге жуық қатысушы келді. 7 мен 17 жас аралығындағы өскелең өнерпаздар мың бұрала би билеп, ән шырқап, күй тартты. Бағдарламаға сәйкес вокалды, хореографиялық және хор нөмірлері қойылды. Ұлттық музыкалық аспаптар ұжымы да өнерлерін ортаға салды. Олардың қатарында домбырашылар мен қобызшылар төл өнерімізді насихаттады.

Сәулеш Қанапиева, қалалық №1 балалар музыкалық мектебінің директоры:

- Елорданың 20 жылдығына орайластырып концерт өткізу біз үшін өте маңызды. Астана күні – бүкіл елге ортақ мейрам. Бірінші кезекте, балалар үшін.

back to top
Хабар 24 телеарнасы