365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украинадағы қандастарымыз Астананы мерейтойымен құттықтады

  • Read 287 times
  • Media
Украинадағы қандастарымыз Астананы мерейтойымен құттықтады

Киевтегі қазақ диаспорасының өкілдері Астанаға тілектерін арнады.

Жырақта жүрген жерлестеріміз домбыра шертіп, қазақ әндерін әуелетті. Ақ тілектің белгісі ретінде Украина аспанына ақ шарларын ұшырып, мерейтойды ерекше атап өтті. 

Қазақтың оюлы құрақ көрпесі, қарасаң көз тоятын  ұлттық үлгідегі шапан. Қолына қара домбырасын алып, пернесін басқан қазақтың азаматы. Үстелге бауырсақ қойылыпты, ал ас үйде Алмагүл апай ет түсіріп жатыр. Шет жер емес, бұл шаңырақ  тура бір туған үйіңе кіргізіп жібергендей. Украинадағы қазақтарды былайғы жұрт ұйымшыл деп санайды, өйткені бастары жиі қосылады, елдегі қандай да бір қуанышты атап өтуге асық.

Алмагүл Кенжебаева, Украинадағы қазақ диаспорасының өкілі:

- Бүгін астанамыздың мерейтойы. Сондықтан осы жақтағы қазақтар болып, басымызды қосып, бүгін міне ет асып, тойлап жатырмыз. Ниетіміз таза.

Қазақ халқы үшін ақ түстің мәні зор, - дегенді айтады қазақ диаспорасының белсенді өкілі Марат Дәрмен. Сондықтан болар бүгін Киевтегі қазақтар аспанға аппақ жиырма шарды ұшырып, Астанаға көңілдегі ақ тілектерін арнады.

Марат Дәрменов, қазақ диаспорасының өкілі:

- Киевтің қазақтары өте ұйымшыл. Мінеки жиналып, бас қосып отырмыз. Бүгінгі бас қосып отырған себебіміз Астананың туған күні. Мінеки 20 жылға толып жатыр. Құдайға шүкір, бейбітшілікпен осы күнге жеттік. Қазақта ақ ненің белгісі? Ол ақ жол, ақ дастархан, ақ тілек деген сияқты, мысалы, сол үшін басымызды қосып, мінеки, Астанаға тілейтініміз тек бейбітшілік, жақсылық, өркендей берсін дейміз. 

Әдемі басқосу қазақтың  әуезді әндерімен жалғасты. Домбыра шертіліп, күй төгілді. Сарын көңіл тасытты. Мерейтой соңы арқан тарту сияқты ұлттық ойындарға ұласты.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Михаил Мищенко

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы