370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Radio Asia Song Festival» халықаралық ән фестивалі өтті

  • Read 263 times
Астанада «Radio Asia Song Festival» халықаралық ән фестивалі өтті

Бүгін «Қазмедиа» орталығында «Radio Asia Song Festival» халықаралық ән фестивалі өтті.

Бірегей шара бас шаһарымыздың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. Фестивальге Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағына мүше ұйымдардың атынан жас өнерпаздар қатысты. Олар Үндістан, Мальдив аралдары, Вьетнам, Қытай, Ауғанстан, Түрікменстан, Түркия, Непал және Индонезия елдерінен арнайы келген. Сондай-ақ айтулы шарада еліміздің жас дарындары Рүстем Жүгінісов пен Джордан Аракелян өнер көрсетті.

Рүстем Жүгінісов, әнші:

– Кішкентай кезімнен түрлі халықаралық байқауларға қатысып келе жатырмын. Бұл атмосфераға мен үйрендім. Қазақстанда болып жатқан соң өзімді еркін сезіндім. Басқа өнерпаздар өздерінің ұлттық аспаптарын алып келіпті. Олармен де танысып жатырмын.

back to top
Хабар 24 телеарнасы