364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде «Ақ тілекпен, Астана» атты сурет көрмесі өтті

  • Read 464 times
Семейде «Ақ тілекпен, Астана» атты сурет көрмесі өтті

Астананың 20 жылдық мерейтойын өңірлер жалғастырды.

Елордалық әртістер мен суретшілер бүгінде аймақтарды аралап, өнерлерімен өңір тұрғындарын тамсандырып жүр. Мәселен, Семейде «Ақ тілекпен, Астана» атты сурет көрмесі өтті. Мұнда отандық қылқалам шеберлерінің 100-ге жуық туындылары қойылған. Әрқайсысы әртүрлі жанрда салынған картиналардан тек Астананың келбетін емес, қазақтың кең даласын, өзге де өңірлерін көруге болады. Екі күнге созылатын көрмені қала тұрғындары тегін тамашалай алады. Ал Семейден соң жылжымалы көрме Өскеменге, онан соң еліміздің оңтүстік аймақтарына аттанады.

Нарима Мұхамбеталина, Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- Келген көрермендерге бұл суреттер үлкен әсер береді деп ойлаймыз. Әрбір келуші осыған қарағанда, әрине, өзінің бір ойларын қалыптастырады. Өзінің бір балалық шағын еске алады. Кейбір картиналарға қарап, тіпті, болашағымыз қандай болады деген ойға да апарады мүмкін.

back to top
Хабар 24 телеарнасы