374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада алғаш рет хор өнерінің үздіктері жиналады

  • Read 324 times
Астанада алғаш рет хор өнерінің үздіктері жиналады armradio.am

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақстан хор дирижерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі елорданың 20 жылдығы аясында ауқымды музыкалық жоба – «Астана – әлем дауысы» халықаралық фестивалін ұйымдастыруда.

2018 жылдың 10-11 қазанында бес континенттен жиналып, әртүрлі діндер мен конфессияларды білдіретін 500 әртіс келеді. Алғашқы рет Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында бірыңғай шығармашылық ырғағында соғыссыз және терроризмсіз бейбітшілік үшін ән айтылады.

Алдағы фестиваль «Діндердің көшбасшылары қауіпсіз әлем үшін» тақырыбына арналған дүниежүзілік және дәстүрлі діндердің көшбасшыларының VI съезді шеңберінде өтеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен ұйымдастырылған съезд бейбітшілік, келісім және төзімділік орталығы ретінде Астана мәртебесін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі музыка сүюшілер АҚШ, ОАР, Израиль, Мажарстан, Түркия, Болгария, Ресей, Беларусь Республикасы, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шри-Ланка, Индонезия, ҚҰР, Қазақстан және басқа елдерден келген өлең ұжымдарының өнерін тамашалай алатынын хабарлайды.

«Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуынсыз және қолдауынсыз орын алмаушы еді. Фестиваль кезінде музыканың әртүрлі жанрлары мен әртүрлі бағыттарымен таныса аласыз, бір сөзбен айтқанда, сіздерді үлкен музыка мерекесі күтеді. Фестиваль әндері әртүрлі тілдерде орындалатынына қарамастан адамдарға бір бірін жақсы түсінуге көмектесетініне сенімдімін», – деді жоба авторы, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, «Қазақстан хор дирижерлері» РҚБ Кеңес төрайымы Гүлмира Кұттыбадамова.

Бейбітшілікті қолдау үшін музыка мерекесі әлем деңгейіндегі дирижерлар мен атағы шыққан халықаралық сыйлықтардың лауреаттары – композитор және орындаушы Амикаэла Гастон (АҚШ), дирижерлар – Габор Холлерунг (Мажарстан), Зимфира Полоз (Канада), ҚР еңбегі сіңген қайраткері Бейімбет Демеуов, Гүлмира Құттыбадамова және басқалардың қатысуымен өтеді.

back to top
Хабар 24 телеарнасы