365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналықтар «Gala de Paris» кешін тамашалады

  • Read 389 times
Астаналықтар «Gala de Paris» кешін тамашалады

«Астана Опера» театрының сахнасында елімізде алғаш рет «Gala de Paris» кеші өтті.

Елорда тұрғындары мен қонақтары екі сағат бойы Ресей және Франция би өнерінің інжу-маржандарына куә болды. Қойылымның көркемдік жетекшісі – заманауи классикалық хореографияның жарық жұлдызы Себастьян Берто. Сондай-ақ кеште Летиция Пюжоль, Сэ Ын Пак сияқты сахна шеберлері өз өнерін паш етті.

Айта кетейік, бұл шара Астана қаласының 20, ал Париж ұлттық опера театрының 350 жылдық меретойына орай ұйымдастырылып отыр.

Антон Левахин, жоба продюсері:

- Бұл – Ресей және Франция хореографиясының інжу-маржандары. Раймонд балеті, «Корсар» балетінен үзінді, «Ренессанс» балеті – Францияда өз бағасын әлдеқашан алып қойған спектакльдер. Астаналықтардың да көңілінен шықты деп ойлаймын.

back to top
Хабар 24 телеарнасы