Жедел жәрдем мен автобустар жол ережесін бұзғандарды тіркейтін болады
Бүгін, Мәжілістің жалпы отырысында жол қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған жаңа заңнамалық өзгерістер қаралуда. Халық қалаулылары тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «24KZ».
Құжатқа сәйкес, енді жедел жәрдем көліктері, мемлекеттік органдардың автокөліктері және қоғамдық тасымалдаушылар арнайы сертификатталған құрылғылармен жабдықталады. Бұл құрылғылар жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін болады.
Жаңа жүйе жолдағы тәртіпті бақылауды күшейтіп, құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бастама жеке деректерді қорғау тетіктерін жетілдіруді де көздейді.
Заң жобасы толық қабылданған жағдайда, аталған өзгерістер еліміз бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі.