Тележүргізуші эфирде Мессидің әкесі «қайтыс болды» деп мәлімдеп, басы дауға қалды
Аргентиналық тележүргізуші тікелей эфир кезінде футболшы Lionel Messiдің әкесі Хорхе Мессидің қайтыс болғаны туралы жалған ақпаратты оқып, дауға қалды, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға Luzu TV арнасының El Show del Verano бағдарламасында болған. Жүргізушіге эфир барысында хабар берілгенімен, ақпараттың расталмағаны ескертілмеген.
«Жаман жаңалық айтқым келмейді, бірақ Мессидің әкесі жаңа ғана қайтыс болды. Қорқынышты жағдай, әрі бұл әлем чемпионаты кезінде болып отыр. Месси елге қайтуға мәжбүр бола ма?» – деген жүргізуші тікелей эфирде.
Оқиғадан кейін тележүргізуші уақытша жұмыстан шеттетіліп, Месси отбасынан көпшілік алдында кешірім сұрады.
Айта кетейік, әлем чемпионаты қарсаңында Хорхе Мессидің денсаулығына қатысты мәселелер бар екені туралы ақпарат тараған болатын. Кейін футболшының отбасы оның дәрігерлер бақылауында екенін мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта Хорхе Мессидің денсаулығында белгілі бір қиындықтар бар. Ол дәрігерлердің бақылауында, ем қабылдап жатыр және жағдайы жақсарып келеді», – делінген отбасы таратқан мәлімдемеде.