Тарихта алғаш рет: Ұлттық ұлан Академиясының түлектері бірден «аға лейтенант» атанды
Петропавл қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Академиясы түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Оқу орны тарихында алғаш рет бес түлек қызметке кіріспей тұрып-ақ «аға лейтенант» шенін алды, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл түлектер шығарылымы оқу орнының тарихына ерекше оқиға ретінде енді.
Академия тарихында алғаш рет бірден бес түлек қызмет өткеру орнына аттанбай тұрып-ақ «аға лейтенант» әскери шеніне ие болды.
Олардың үшеуіне офицерлік погондарды Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыстаса, тағы бірі Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың қолынан алды.
Биылғы түлектер арасында халықаралық ынтымақтастық аясында білім алған Тәжікстан Республикасының өкілдері де бар. Олардың біріне «аға лейтенант» әскери шені түлектерді салтанатты шығарып салу рәсімі кезінде табысталды.
Биыл Академияны 150-ден астам жас офицер тәмамдап, еліміздің күштік құрылымдары қатарына қосылды