Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин жібере ме? Министр мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желілерде Ресейде жанармай тапшылығы туындаған жағдайда Қазақстаннан шамамен 50 мың тонна бензин импортталуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл мәселеге Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пікір білдірді, деп хабарлайды «24KZ».
Министрдің айтуынша, Ресей тарапынан Қазақстанға бензин жеткізуге қатысты ешқандай ресми өтініш түспеген.
«Бізге Ресейден бензин жеткізу бойынша ресми сұраныс болған жоқ», – деді Ерлан Ақкенженов.
Сонымен қатар министр Қарашығанақ кен орнындағы газ өндіру көлемінің уақытша азайғанын түсіндірді.
Оның айтуынша, өндіріс көлемі 34 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін қысқарған. Соған байланысты газ қабылдау көлемі де азайғанымен, бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігіне әсер етпеген.
Министрдің сөзінше, Қазақстан ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету және барлық келісімшарттық міндеттемелерін толық орындап отыр.
Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Орынбор газ өңдеу зауытына дрондар шабуыл жасағаннан кейін әлеуметтік желілерде Қазақстаннан 50 мың тонна бензин жеткізілуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын.