Қозғалысты реттейтін робот. No comment
Қытайдың Хунань провинциясында адам тәріздес робот жол қозғалысын реттеуге кірісті. Ол бағдаршамның жұмысын атқарады. Әзірге робот пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Мотоцикл жүргізушісі бас қорғанысын кимесе немесе көлік өз жолағынан шығып кетсе, қозғалыс реттеушісі дыбыстық ескерту жасайды. Ал жол апаты болған жағдайда бірден жақын жердегі полиция бөліміне хабар жібереді.