IT-қызметтер экспортының көлемі өсті

Елімізде IT-саласы қарқынды даму үстінде. Бүгінде Astana Hub экожүйесінде 2 мыңнан астам компания жұмыс істейді.

20 өңірлік және 4 халықаралық хаб арқылы ауқымды қызмет атқарылып, өткен жылы IT-қызметтер экспортының көлемі 1 млрд доллардан асып жығылды. Осылайша, отандық IT саласының халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі едәуір артты. Былтыр Қазақстанда алғашқы технологиялық «сыңармүйіз» компания Хигсфилд AI-дың пайда болғанын да атап өткен жөн. Жасанды интеллект саласының әлеуетін одан әрі кеңейту мақсатында алдағы 4 жылда 10 000 маман даярлап, IT-қызметтер экспортын 5 млрд долларға дейін жеткізу көзделіп отыр. Криптоиндустрияда цифрлық майнингке қатысты ережелер де жеңілдетіліп, елде Солана супер тим кейзет өкілдігі ашылды.