Елде оқушылар ЖИ дағдыларын меңгеруде

Ел мектептерінде оқушыларға цифрлық мәдениетті үйретуге ден қойылды. Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект пәнінің мазмұны толықтырылып жатыр.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында жасанды интеллект технологияларын қолдану жөніндегі пилоттық жоба іске қосылатынын мәлімдеді. Бағдарлама республика бойынша 500 шағын жинақты мектепті қамтиды. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзыретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуы тиіс екенін мәлімдеген еді. Осыған орай оқу бағдарламаларын заманауи дағдыларға сай жаңғырту тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыз: