Шымкентте цифрлық жүйе арқылы 10 млрд теңге үнемделді

Шымкентте білім беру ұйымдарын бақылау нәтижесінде бюджеттің 10 млрд теңгесі үнемделді.

Салаға жасалған цифрлық талдау нәтижесінде мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету, бухгалтерлік жоспарлау, жұмысқа қабылдау мен жалақы аударымдарын есептеу жүйесіне қатысты заң бұзу анықталды. Сонымен қатар мемлекеттік конкурста да күмәнді лоттар әшкере болды. Автоматты-ақпараттық жүйенің қорытындысынан кейін бірқатар лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алдағы уақытта цифрлық технологияны ел аумағындағы барлық мектептерге енгізу туралы шешім қабылданды.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:

- Білім саласын бақылаудың біртұтас жүйесі дейміз. Осы екі QARQYN мен AIQYN жүйесі бірігіп бізде былтырғы жылы 10 млрд 200 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Кез келген мектепте осы жүйе қазіргі таңда жұмыс істеп тұр. Биылғы жылдың экономиясы шамамен 15 млрд – 25 млрд-қа дейін болады деп күтіп отырмыз.

Сондай-ақ оқыңыз: