Кәсіпкерге заң талаптарын түсіндіретін AI-навигатор іске қосылды
Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында кәсіпкерлерге арналған AI-навигатор таныстырылды.
Бұл жүйе бизнес өкілдеріне заңнамадағы міндеттерді түсінуге көмектеседі. Яғни платформа қызмет бағытын анықтап, қажетті рұқсат құжаттары мен міндеттемелерді көрсетеді. Сондай-ақ оларды орындау мерзімі мен жауапты органдар туралы ақпарат береді. Жүйе заңнамадағы жаңартуларды да қадағалайды. Жоба әзірге пилоттық режимде жұмыс істейді. Алдағы уақытта оны басқа мемлекеттік цифрлық жүйелермен біріктіру жоспарланып отыр.
Бекболат Молдабеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
- Біз бизнес ашатын болсақ, қандай рұқсаттама, қандай лицензия керек, жаңағыдай қандай анықтамалар бар? Бұрын, мысалы, түрлі сайттарға бару керек болатын немесе әкімдікке бару керек, кімге кірсем, қандай таныс жиын деген сияқты көптеген сұрақ туындайтын. Енді біз осы проблеманы шештік, енді ешқайда барудың қажеті жоқ. Бір сайттан қандай рұқсаттама, қандай анықтамалар, құжаттар не керек, соның бәрін біз бір жерге жинап қойдық.