Сарапшы: Жаңа Конституция цифрлық дамуға жол ашады
Қазақстанның жаңа Конституциясы – тұтас түркі әлемі үшін маңызды қадам.
Құжатта көзделген цифрлық құқықтарды қорғау қағидаттары мен ғылымды, инновацияны дамытуға бағытталған нормалар елдің технологиялық дамуына негіз болады. Технологиялық стратегия, жасанды интеллект және цифрлық трансформация жөніндегі түрік сарапшысы Женгиз Чалыкоғлұның пікірінше, цифрландыру дәуірінде деректер қауіпсіздігі мен ұлттық технологиялық инфрақұрылымды дамыту стратегиялық маңызға ие. Сарапшының айтуынша, ұлттық ресурстарға сүйенген цифрлық жүйе қалыптастыру Қазақстанның технологиялық әлеуетін арттырып қана қоймай, түркі мемлекеттері арасында ортақ киберқорғаныс тетіктерін дамытуға да ықпал етеді.
Женгиз Чалыкоғлұ, Технологиялық стратегия, жасанды интеллект және цифрлық трансформация жөніндегі сарапшы:
- Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу, тиісті министрлік құру және цифрлық технология саласындағы қолға алынған бастамаларды өте маңызды қадам деп бағалаймын. Бұл бірін бірі толықтыратын, елдің дамуына ықпал ететін тұтас экожүйенің құрамдас бөлігі. Жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік саласында бір жылға кешігу елдің даму қарқынына кері әсер етіп, бәсекелестерінен кемі бес жылға артта қалдыруы мүмкін. Ал Қазақстанның цифрлық технологияларға басымдық беруі сыртқы нарыққа тәуелді болмай, өзінің ұлттық ресурсына сүйенген маңызды инфрақұрылым қалыптастыруына мүмкіндік береді.