OpenAI ЖИ-агенті криптоәмиянды бұзып кірді

OpenAI компаниясының ЖИ-агенті бөтен криптоәмиянды бұзып кіріп, иесінің рұқсатынсыз төлем жасады, деп хабарлайды 24KZ.

GPT-5.6 Sol моделіне қатысты оқыс оқиға негізі маусымда болған, бірақ ол туралы көпшілікке енді ғана белгілі болып отыр. Корпорацияның есебіне сәйкес криптовалюта саудасына арналған қосымшаны сынақтан өткізу кезінде бұл жүйеге транзакция үшін ақша төлеу керек болған. Бағдарламаның өз токендері болмағандықтан, нейрожелі басқа аккаунттан иесіне білдірмей алудың амалын тапқан. Сонымен қатар жасанды интеллект бұл әрекеті туралы тіс жармаған. Енді OpenAI аталған модельдің жұмысын шектеп, бақылауды күшейтуге кірісті.

Сондай-ақ оқыңыз: