ChatGPT құпия чаттарды енгізеді
OpenAI компаниясы құпия чаттарды PIN-кодпен қорғау функциясын енгізе бастады. Жасырын кодтың орнына Face ID немесе саусақ ізін қолдануға да болады, деп хабарлайды «24KZ».
Жаңа мүмкіндік арқылы пайдаланушылар жеке әңгімелерін бөлек сақтап, бөгде адамдардың көруінен қорғай алады. Құпия чаттар жалпы тізімде көрсетілмейді. Оларды іздеу жолағынан да таба алмайсыз. Дегенмен бұл функцияны қолданғанда бір жайтты ескерген жөн. PIN-кодты қалпына келтірген жағдайда, қорғалған чаттар мен ондағы файлдар біржола жойылады. Айта кетейік, бұған дейін компания басшысы Сэм Альтман ChatGPT-дегі әңгімелер сот талабы бойынша жария етілуі мүмкін екенін ескерткен еді.