Астанада «Sheber» цифрлық платформасы іске қосылды

Астанада «Sheber» цифрлық платформасының таныстырылымы өтті. IT саладағы жаңа жоба шағын және бизнес өкілдеріне арналған, деп хабарлайды 24KZ.

Қосымша отандық қолөнер шеберлеріне өз өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарда шығаруға мүмкіндік береді. Мұнда сатып алушылармен, ірі сауда желілерімен және әлеуетті серіктестермен тікелей байланыс орнатуға болады. Бастама ұлттық мәдени мұраны дәріптеу мен цифрландыруды ғана емес, креативті экономиканы жандандыруды көздейді. Бұл Қазақстанның қолөнер өндірісі мен кәдесый индустриясының бірыңғай экожүйесін қалыптастыратын біріңғай цифрлық шешім. Жоба мемлекет басшысының аймақтардағы кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау тапсырмасы аясында іске асырылып отыр.

Қанат Шарлапаев, «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы:

– Осы платформаның ең басты мақсаты – қазіргі таңда шеберлер ісмер адамдардың аздығы жоқ, олардың алдында үлкен кедергі нарыққа шығару. Осы бағытта палата жеке бизнес өкілдерімен бірлесіп жаңа платформаны іске қосатын болады. Шеберлер өзінің өнімдерін тіркеп, үлкен нарыққа шығуға мүмкіндік береміз.

Гүлзира Сәрсембаева, кәсіпкер:

– Қосымшада біздің әрбір адамның кабинеті бар. Сол жерде біздің әр тауардың бағасы бар. Оны қалай сатып алуға болады, қалай жүктеуге болады сол бәрі көрсетілген. Қазпошта арқылы жеткізу, төлем жағы да бәрі қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз: